Қырғызстанда өткен түні электр энергиясын тұтынудың жаңа рекорды тіркелді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен түні бұл көрсеткіш 63 млн 607 мың кВт/сағатқа немесе солтүстікте 1 мың 828 мегаватқа және оңтүстікте 1 мың 14 мегаватқа жеткен.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта қуат жетпеуі салдарынан Өзбекстанда электр энергиясын таратуға қойылған шектеу жалғасуда. Осы себепті елдің Ош және Жалал-Абад облыстарының кейбір аудандарында жарық жоқ. Қырғыз энергетиктері олардың өзбек әріптестері бұл жайытты келіспегендігін айтуда.

Қазіргі уақытта республиканың оңтүстік аудандарына электр қуатын таратуды қайта қалпына келтіру туралы келіссөздер жүріп жатыр.