Қырғызстанда өз міндетін атқару барысында қаза тапқан парламент депутаттарының отбасыларына жәрдемақы беру туралы заң қабылданды

Қабылданған түзетулерге сәйкес, жәрдемақы көлемі депутаттың 20 жылдық жалақысын құрайды. Төлемақы тек парламент депутаты қызметтік өкілеттігін орындау барысында қайтыс болса ғана төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, республикадағы билік ауысқаннан кейін Қырғызстан парламенттің үш депутаты өлтірілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті