Жаңадан шақырылатын парламент депутаттарының арасында Қырғызстан президентінің ұлы Айдар Ақаев пен танымал кәсіпкерлер, сондай-ақ, бұрынғы депутаттар бар. Сайлау бюллетеніне енгізілген 36 әйел-үміткердің үшеуі ғана екінші турға өтті. Қырғызстан парламентінң жаңа құрамы сәуір айында іске кіріседі деп күтілуде.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Шанхай ынтымақтастығы ұйымынан келген бақылаушылар миссиялары дауыс беру аяқталғаннан кейін Қырғызстан парламентінің сайлауында қандайбір өрескел заң бұзушылықтың байқалмағанын хабарлады. Жалпы пікірге сәйкес, 27-ақпандағы парламент сайлауы Қырғызстан Республикасының заңдары мен Сайлау кодексіне сәйкес жүзеге асырылды.