Қырғызстанда президент сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осыған дейін жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін сотты болған экс-депутат Қазыбек Шайымбетовтың ҚР президенті сайлауы өткен соң алдын ала келісіммен үміткерлердің бірі жеңілген жағдайда жаппай тәртіпсіздікке қатыспақшы болғанын анықтады.

Сондай-ақ, Шайымбетовтың және оның сыбайластарының бірнеше күн бойы тәртіпсіздік жасау үшін қару-жарақ іздестіріп, ҚР мемлекеттік органдарының әкімшілік ғимараттарын басып алмақшы болғаны айтылады. "2017 жылдың 14 қазанында Шайымбетов пен басқа да азаматтарға қатысты Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 27-бабы, 233-баптың 1-бөлігі, 27, 295-баптары, 241-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілді", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.