Қырғызстанда президент сайлауын өткізуге арналған сайлау комиссиялары жасақтала бастады

Орталық сайлау комиссиясының түсініктемесіне сәйкес, сайлау комиссиялары саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен сайлаушылар жиынының ұсыныстары негізінде жасақталуда.

Қырғызстан Республикасының сайлау туралы Кодексіне сәйкес, сайлау комиссияларының құрамындағы мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлердің саны сайлау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен артық болуға тиіс емес. Саяси партиялар өкілдерінің саны да үштен бір бөлігінен артпауы қажет.
Сайлау мерзімінен бұрын өткізілген жағдайда сайлау іс-әрекеттерінің мерзімі 25 процентке қысқарады. Қырғызстан парламентшілерінің шешімімен президент сайлауы 2005-жылғы 10-шілдеге белгіленді.