Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, комиссияның құрамын республика парламенті - Жогорку кенеш те бекітуі тиіс.
Қырғызстан Республикасындағы сайлау туралы Кодекске сәйкес, мемлекет басшысы болудан үміткерлер тіл жөніндегі комиссияға қырғыз тілінде жазылған, үш парақтан тұратын бағдарламасын таныстырып, бағдарламасы туралы сөз сөйлеп, қырғыз тіліндегі мәтінді оқып беруі тиіс.
Дәстүр бойынша комиссия құрамына тілді оқытушы ұстаздар мен танымал жазушылар енеді.
Президенттіктен үміткерлердің қырғыз тілі білімін тексеру жөніндегі комиссия 2000-жылғы сайлау алдында құрылған. Сол кезде оппозиция мүшелері мұндай комиссияның құрылуын сайлауға билікке жақпайтын үміткерлерді жібермеу үшін жасалған айла деп таныған.
Қырғыз тілі - Қырғызстан Республикасында мемлекеттік тіл болып табылады, ал орыс тіліне ресми тіл деген мәтебе берілген. Бұл норма мемлекеттік құжаттарды екі тілде жүргізіп, саяси қайраткерлерге орыс және қырғыз тілдерінде бірдей сөйлеуге мүмкіндік береді.