Қырғызстанда Қамбарата СЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде

"Қазіргі уақытта жаңа техникалар сатып алынған, ал осыған дейін сатып алынған техникалық құралдар тіркеліп, легализациялануда",- деп атап өтті А. Абазбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 2-ші Қамбарата СЭС құрылысын аяқтауға 5 млрд сомға жуық қаржы бөлінген болатын. Жобаға сәйкес, 1-ші Қамбарата СЭС нысандардың ішіндегі үлкені болып табылады: оның жобалық қуаттылығы 1900 МВт құраса, жыл сайын 5,1 млрд кВт/сағ көлемінде электр қуатын шығару жоспарлануда. 2-ші Қамбарата СЭС қуаттылығы орнатылған агрегаттардың саны мен қуаттылығына қарай 240 - 360 МВт құрайды. Жоспарланған жылдық қуат шығару көлемі - 1050 - 1148 млн кВт/сағ.

Электр станциясының құрылысы 1986 жылы басталғанан болатын. Энергетиктердің мәліметтеріне сүйенсек, осы күнге дейін 2-ші Қамбарата СЭС құрылыс-монтаждау жұмысының 30 пайызға жуығы атқарылған.