Қайғылы оқиға Ош облысының Қара Құлжа ауданында болды. Балалар қырдан шаңғы теуіп ойнап жүрген, салдарынан екі қыз бала мерт болды. Тағы екі ұл түрлі жарақттармен ауруханаға жеткізілді, олардың денсаулық жағдайы ауыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа елдің Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қар көшкіні астында 25 бала қалды. «Қалған оқушылар құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқарылып қалды. Қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда», - деп атап өтті ведомствода.