Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды

"Ош облысының Алай ауданы "Бор-Добо" бекетінде Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің оңтүстік басқармасының қызметкерлері Қырғызстан тарихында алғаш рет аса ірі көлемдегі есірткі - 43 килограмм героин тауып тәркіледі", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз хытшысы Айсулу Садыкова.

"Есірткі ұйымдасқан қылмыстық топтың 53 жастағы мүшесінен тәркіленді, топ есірткіні Тәжікстаннан алып, Қазақстан мен Ресейге жөнелтіп отырған", - деді А.Садыкова.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанға мүлкін тәркілету мен 12-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Агенттік ақпаратына сәйкес, қара базарда осынша героин $1 млн 228 мың тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті