Қырғызстанда Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің темір жол саласы жетекшілерінің отырысы ашылды

"Қырғыз темір жолының" хабарлауынша, кездесудің басты тақырыбы халықаралық тасымал саласындағы Орта Азия өңірінің темір жолын дамыту стратегиясын жасап шығару.

Қырғыз жағы отырыс барысында, сондай-ақ, "Қырғыз темір жолының" орта мерзімге арналған даму жоспарының жобасын таныстырды. Оның басты құрамдас бөлігі Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жолын салу болып табылады.