Кәмелеттік жасқа толмаған Бішкек тұрғыны Қарағанды қаласында тұратын әйелге Қырғызстан астанасының дәл орталығында қарақшылық шабуыл жасаған. Ол әйелдің басына бірнеше соққы бағыттап, сосын оның сөмкесін тартып алған.
Қылмыс орнына шұғыл келіп жеткен тәртіп сақшыларының жасағы алысқа кетіп үлгермеген тонаушыны ұстап алды. Жасөспірімнен айғақзат ретінде әйелдің сөмкесі тәркіленіип, қылмыстық іс қозғалды.