Қырғызстанда Қазақстаннан шыққан контрабандалық жүк : 7 тонна кальций фосфаты мен 76 мың тауық жұмыртқасы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан азаматы айдаған КамАЗ қырғыз-қазақ шекарасындағы "Токмак" кеден бекетінің маңындағы шұғыл іздестіру шараларының барысында ұсталды.

Жалпы құны 50 мың сомды құрайтын тауардың ілеспе құжаттары жүргізушіде болмай шықты. Бірақ, жүк Алматыда тиелген.

Контрабандалық тауар тиелген жүк көлігін Солтүстік өңір бойынша оперативтік кеден қызметкерлері қолға түсірді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Үш валентті кальций фосфаты мармелад пен джем өндіруде қолданылатын азық-түліктік фосфатқа жатады.

1 сом = 3,30 теңге.