Қырғызстанда қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанның ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі сағат 01.12-де тіркелген. Сілкініс ошағы Теріскей АлаТоо баурайында Ыстықкөл облысының қала үлгісіндегі Қажысай кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде болған. Осы ауыл мен өңірдегі басқа да ауылдарда 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.