Қырғызстанда қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық ұсталды


Қырғызстанның полициясы Интерполдың күдіктіге іздеу жариялағанын және оның қатыгездікпен аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады, деп жазды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Ниязов ҚР Қылмыстық кодексінің 194, 367, 262-баптары бойынша Қазақстанда сырттай сотталған болатын. Мұрат Ниязовқа 2015 жылы іздеу жарияланған болатын. Оған Қазақстан Республикасының ҰҚК өкілдері бастамашы болған еді. Осылайша Ниязов 22 қыркүйекте Бішкек маңында ұсталды. Қазіргі уақытта изоляторға қамалды.