Қырғызстанда рақымшылық туралы заң қабылданды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, рақымшылық шарасы Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігінің 16 жылдығына және ел Конституциясының жаңа нұсқасының қабылдануына арналады. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш бұл заңның жобасын 2007-жылдың 11-қаңтарында қабылдаған.

Заңды қабылдау түзету мекемелерінде отырған 5 мыңдай тұтқынның жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Ауыр емес қылмыстар үшін сотталған 180 адам қамаудан босатылады.

"Рақымшылық шарасы қамауда отырғандардың санын азайтып, қаржы үнемдеуге, оны қалған тұтқындарды дұрыс ұстау мақсатына жұмсауға мүмкіндік береді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті