"Осы жылдың 18 қарашасында сағат 18-де саяси партиялардан құжаттар қабылдау аяқталды : Жогорку кенеш депутаттарын сайлауға қатысуға ниет білдірген 50 саяси партиядан Орталық сайлау комиссиясына 22 саяси партия өз құжаттарын ұсынды", - деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.
ОСК ақпаратына сәйкес, құжаттарын тапсырғандардың арасында президентті жақтаушы " "Ақ Жол" халықтық партиясы", Қырғызстанның экс-премьері Феликс Кулов басқаратын оппозициялық "Ар-Намыс" партиясы бар.
Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар ұсынған құжаттардың Сайлау жөніндегі кодекске сәйкестігін күнтізбелік 10 күн ішінде тексеруге тиіс. Үміткерлердің тізімін тіркеу 25 қарашада аяқталады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауы 16 желтоқсанға белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті