Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, "2007 жылдың алғашқы он айында мемлекеттік комитет 10 млрд 195,1 млн сом немесе 10 млрд 19,7 млн сом мөлшеріндегі болжамның 101,8 пайызын құрайтын сомада салықтар мен төлемдерді жинаған".
"Өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда кіріс 2 млрд 509,3 млн сомға немесе номиналдық көрсеткіште 32,6 пайызға артқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, "табыстың ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 8,9% құраған және өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайыздық пунктке өскен. Республикалық бюджет кірістері 7 млрд 36,6 млн сомды немесе жоспарлық көрсеткіштен 1 пайыз жоғары болған. Сонымен қатар, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1 млрд 856,8 млн сом немесе 35,8 пайызға өсу байқалды", - деп түсіндірді мемлекеттік комитет қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті