Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің телекоммуникациялық технологиялар мәселелері жөніндегі сарапшыларының кездесуі өтеді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы министрлер кеңесінің жанындағы қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар жөніндегі арнаулы жұмыс тобының отырысы 6-7 қыркүйекте өтеді. Кездесу Ыстықкөлдің жағалауындағы бір мейманханада өтпек. "Тараптар ынтымақтастықты нығайту перспективалары мен саладағы өзекті проблемаларды шешу жолдары жайлы талқылайды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жұмыс тобының отырысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның сарапшылары қатысады. Кеңеске Қырғызстан төрағалық жасайды.