Мұндай қаулыға Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Алмазбек Атамбаев қол қойған. "Бұл қаулы республика азаматтарының мүддесін ескере отырып, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қабылданып отыр",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Қабылданған құжатқа сәйкес, 15-қараша мен 31-наурыз аралығында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күні 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал демалыс және тамақтануға арналған үзіліс 12.30-ден 13.30-ға дейін созылады.
Шенеуніктер 1-сәуір мен 14-қараша аралығында 8.30-дан 17.30-ға дейін жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің осы кезеңдегі түскі үзіліс уақыты 1 сағатқа - 12.00-ден 13.00 ге дейін созылады.
Қырғызстандағы мемлекеттік қызметкерлердің саны 14 мыңға жетіп жығылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті