"Мен саммитке арналған нысандардың құрылысы мерзімінде және сапалы бітеді дегенге сенімді болдым",- деп мәлім етті елбасы Қ. Бакиев. Оның айтуынша, нысандарды салу жауапкершілігін "Синьгуан" халықаралық Қытай корпорациясы мойнына алған, ал жер асты коммуникациясын жергілікті мердігер ұйымдар жүргізген.
Қырғызстан Республикасының президенті, қонақ үйлер мен отырыс ғимаратының 157 күнде салынып біткендігін атап көрсетті. "Құрылысшылар алғашқы 90 күнде күндіз-түні жұмыс істеді",- деп атап өтті Қ. Бакиев.
Сонымен қатар, елбасы Қырғызстанға "грант негізінде 30 бағалы көлік, 10 автобус пен саммитке қатысушылар үшін жиһаз сатып алуға қаржы бөлген" Қытай Халық Республикасының үкіметіне ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы, "Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының 7-ші отырысының жұмысына қатысатын жоғары мәртебелі қонақтарды қабылдауға 100 пайыз дайын екендігін" атап өтті.
Президент салтанатқа қатысушыларға әрбір нысанның неге арналғандығын өзі көрсетіп шықты. Атап айтқанда, қатысушыларға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының отырыс өткізетін ғимаратын таныстырды.
Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, барлық нысандар "Ала-Арча-1" мемлекеттік резиденциясы аясында салынған, қонақ үйлер мен отырыс ғимаратының жалпы алаңы 7673,5 шаршы метрді құрайды, құрылысқа кеткен шығын 7,3 млн 300 мың АҚШ долларына жетті. Қаржыландыруды Қырғызстан үкіметі өз мойнына алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті