"Сот менің талаптарымды қанағаттандырып, Қырғыз Республикасының үкіметін сот шешімі күшіне енгеннен кейін екі апта ішінде АҚШ елшілігіне АҚШ үкіметімен жасалған келісім-шартты бұзу туралы хабарландыру хатын жолдауға міндеттеуді сұраймын",- деп хабарлады И. Трофимов.
Бұл іс бойынша Қырғызстан үкіметі жауапты.
Бұрын хабарлағанымыздай, Сергей Радонежский мен Қайырымды Манас атындағы қор Қырғызстанда АҚШ Әскери әуе күштері базасын республика аумағынан шығаруды талап етіп, бірнеше рет акция жүргізген болатын. Мұндай талап қоюдың себебі Қырғызстан азаматының американдық әскери қызметкердің қолынан қаза табуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы болып отыр.
Естіріңізге сала кетейік, әуебазасын Манас халықаралық әуежайы аумағына орналастыру туралы келісім-шарт АҚШ пен Қырғызстан Республикасы үкіметтерінің арасында 2001 жылдың 5-желтоқсанында жасалған болатын. Әуежай Бішкектен 30 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті