Қазақстанда туған 24 жастағы Альберт Абхин мен 27 жастағы Жанболат Әшіров «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті», «жалған құжат, мөр жасаумен айналысты» деген айыппен 4 жылға сотталған еді. Бұл екеу жазасын толық өтеместен түрмеден қашып шыққан. Оларды ұстау үшін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі тіпті арнайы операция ұйымдастырып, іздеріне түсіпті. Бірақ жасырынған жерлерін тапқанымен қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсеткен. Сөйтіп, тәртіп сақшыларының қолынан сытылып кеткен. Қазір Бішкектің тәртіп-сақшылары тайлы-тұяғымен қос қазақстандықты іздеп жатыр.
Loading...