Қырғызстанда тағы бір адам оба дертіне шалдығып ауруханаға түсті


Обаның ошағы Ыстықкөлден 200 шақырым жердегі Сарыжаз аумағы. Жергілікті тұрғындардың барлығы бүгінгі күнге дейін қажетті сараптамалардан өтті. Тамыздың аяғына дейін бұл маңда карантин жарияланған. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада обадан 15 жасар жасөпірім көз жұмған болатын. Кейін бегілі болғандай, ол туыстарымен бірге жабайы суырдың етінен жасалған кәуап жеген. Айта кету керек, оба ошағында дертке шалдыққандар саны әлі де еселенуі түсуі мүмкін екенін жергілікті мамандарда жоққа шығармады.