Қырғызстанда танымал саясаттанушыға шабуыл жасалды

"Шабуыл жасау оқиғасы 16 қараша күні кешке А.Князевтің үйінің жанында болған. Екі жас жігіт оны ұшырып түсіріп, бірнеше соққы беріп, құнды заттардан ештеңе алмастан іздерін жасырған", - деп хабарлайды кеңестегілер.

Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесі бүгін осыған байланысты мәлімдеме жасап, болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірді.

"Шабуылдың жай-жапсары бұл қылмыстың тапсырыспен жасалғандығын меңзейді, Александр Князевтің Қырғызстандағы саяси ахуалға қатысты, республикадағы ресейлік отандастар қозғалысына қатысты бірбеткей ұстанымы мен осы құбылыстарда жекелеген қоғам қайраткерлерінің атқарып отырған ролі мен орнына қатысты бағасы шабуылға себеп болуы ықтимал", - делінген мәлімдемеде.

Осыған байланысты Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесі ел басшылығына болған оқиғаның себеп-салдарын анықтауды сұрайды.

А. Князев танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, журналист, Қырғыз-Ресей славян университетінің профессоры, Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті