Сөйтіп, Қырғызстанда басымдық берілген халықаралық транспорттық бес дәліздің біреуін қайта салуға байланысты мәселе түпкілікті шешілді. Тараз - Талас - Суусамыр жолын сауықтыруға қосымша $2 млн 300 мың бөлу көзделуде.
Бастапқыда 37 шақырым жол салу қарастырылғанымен, артынан бұл сан 57-ге дейін өсті. Сол себепті жобаны қаржыландырушы Ислам даму банкі аталған соманы бөлгелі отыр.