Қырғызстанда төңкеріс комитеті құрылды

Оның айтуынша, бұл комитетке қазіргі президент Құрманбек Бакиевті мерзімінен бұрын және өз еркімен отставкаға жіберуге қол жеткізбек ниеттегі бірнеше саяси партия мен қозғалыстар біріккен.

"Біз әзірге жартылай жасырын жағдайда жұмыс істейтін боламыз, сол себепті біз өзіміздің мекен-жайымызды да, байланыс телефондарымызды да хабарлай алмаймыз, ондағы көздегеніміз - биліктің біздің белсенділерімізді алдын-ала ұстап алуына мүмкіндік бермеу. Ең бастысы, біз 2005 жылдың 24 наурызындағы қателіктерді қайта қайталағымыз келмейді, ол кезде Асқар Ақаевты орнынан тайдыру арқылы билікке Құрманбек Бакиев келіп, елді кландық-отбасылық басқарудағы мемлекетке айналдырды. Біз Конституция мұрсат берген барлық заңды жолдармен, митингтер, пикеттер мен құрылтайлар өткізу арқылы радикалдық қимылдарға баратын боламыз", - деді Азимбек Бекназаров.

А. Бекназаровтың айтуынша, барлық жұмыстар төңкеріс комитетіне біріккен партиялар мен ұйымдардың өңірлік бөлімдері арқылы жүргізілетін болады. Сонымен бірге жаңадан құрылған комитет өзінің бұқаралық ақпарат құралын, тым құрыса бір газет шығармақ ниетте.

Еске сала кетейік, Азимбек Бекназаров 2005 жылдың 24 наурызындағы оқиғаларға белсене қатысқан. Қазіргі жағдаймен ол өзін оппозициялық деп таныстырып отырған "Асаба" партиясының жетекшісі болып табылады.