Қырғызстанда Тоқтағұл су қоймасына су келе бастады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сәуірдің алғышқы күндерінде су қоймасына келетін су көлемі ағып шығатын көлеммен теңесіп, оның жинақталу процессі басталды. Қазір су қоры 6 млрд 66 млн текше метрді құрайды.

Тоқтағұл су қоймасындағы ең жоғары су көлемі 19,5 млрд текше метрді, ал горизонты 5,4 млрд текше метрді құрайды.