Қырғызстанда түрік өркениетін дамыту проблемалары бойынша екінші халықаралық конгресс өтеді

Форумды "Манас" Қырғыз-Түрік университетінің түрік өркениетін зерттеу орталығы ұйымдастырғалы отыр. Оған 28 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Конгресске қатысуға Германия, Қытай, Қазақстан, Ресей , Түркия және басқа да елдердің ғалымдары әзірлік танытқан.

Университеттің баспасөз орталығынан хабарлағанындай, конгрессті өткізудегі мақсат - түрік өркениетін дамыту проблемаларына арналған зерттеулердің қорытындысын шығару және бұдан былайғы ғылыми зерттеулердің басты бағыттарын айқындау болып табылады.