Қырғызстанда түрмеден қашқан экстремист оны ұстау кезінде өлтірілді

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер Совулук ауданы ауылдарының біріндегі қой қорада жасырынған. Оны ұстау іс-қимылдары 20 қазанның таңында жүргізілді. Ұстау кезінде ол қарсылық танытып, ақыры атылып өлтірілді.

ҚР ІІМ-нен А.Мүсірәлиевтің СИЗО-50 бас бостандығынан айыру орнынан қашып кеткен төрт сотталушының бірі, сондай-ақ дәстүрлі емес исламды жақтаушы  және тыйым салынған «Жайшуль Махди» партиясының белсенді мүшесі болған.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 12 қазанында СИЗО №50 бас бостандығынан айыру орнынан 9 сотталушы қашып кеткен. Соның бесеуі ұсталып, тағы төртеуі жасырынып үлгерген. 16 қазан күні қылмыскерлердің бірі арнайы іс-қимылдардың барысында өлтірілді. Тағы екі экстремисті іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қырғызстан ІІМ іздеудегі экстремистердің орналасқан жері туралы мәліметтер үшін 1 миллион сом (шамамен 14,5 мың доллар) ақшалай сыйақысын беретінін жариялады.