Қырғызстанда тұтынушыларға электр қуатын беруге қойылған шектеулер алып тасталды

Кәсіпорын мәліметіне сәйкес, төртінші генератор Тоқтағұл ГЭС-і толық қуаттылыққа өтті.

Республикада электр қуатын берудегі шектеулер толық алып тасталды.
Ақаулар өз күшімен жойылып, технологияны бұзбастан жаңа конструкция әзірленді. Ведомствоның айтуынша, ресейлік өндіруші зауытқа қосалқы бөлшекке тапсырыс бергенде, жөндеу төрт-бес айға созылған болар еді.
2012 жылғы желтоқсан айының соңында Тоқтағұл ГЭС-інің жұмыс доңғалағында лабиринттік тығыздағыш үзілген болатын. Соның салдарынан республикада тұтынушыларды электр қуатымен қамтуда шектеулер енгізілді.