Қырғызстанда украиндық Рошен компаниясының кондитерлік өнімдері тексерілмек

Ресейде шу тудырған «Рошен» компаниясының кондитерлік өнімдері Қырғызстанда да тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні республиканың Денсаулық сақтау министрлігі Аурудың алдын-алу және сараптама департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.


           «Департамент украиндық «Рошен» фирмасының кәмпиттерін сараптамадан өткізіп жатыр.
           Зертханалық зерттеулер бүгін жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі жақын күндері белгілі болмақ», - делінген хабарламада.