Қырғызстанда үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджет кірісінің өсуі 40 пайыздан асып жығылады

Баспасөз қызметіндегілер сондай-ақ, республика кірісіндегі негізгі үлес мемлекеттік қазынаны толтырудың басты көзі болып табылатын салық кірісіне тиесілі. Салық кірісінің жалпы көлемі 21,3 млрд сомды құрап, ал номиналдық өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,8 пайызды немесе 5,5 млрд сомды құраған. Жалпы ішкі өнімнің салық кірісінің үлесі 1,6 пайыздық пунктке өсіп, 18,6 пайызды құраған. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік кеден жинағы комитеті салық және төлем ретінде 11,8 млрд сом жинаған, өсу қарқыны 2006 жылмен салыстырғанда 137,7 пайызды немесе 3,2 млрд сомды құраған. Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік салық және жинақ комитеті 9,5 млрд сом жинаған (31,3 пайызға немесе 2,3 млрд сомға артық).

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің салықтан тыс кіріс көлемі 5,9 млрд сомға жеткен, бұл 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60,9 пайызға немесе абсолюттік есепте 2,2 млрд сомға артық. Үстіміздегі жылдың қаңтар - қазан айларындағы гранттар түсімі 544 млн сомды құраған.