"Осы жолғы парламент сайлауының сценарийін билік алдын ала жазып қойған, яғни, нәтижесі айқын", - деді Ж. Назаралиев.
Өзінің сайлау алдындағы додаға қатысудан бас тарту себебін Ж. Назаралиев "биліктің таңған ойын ережесімен ойнағысы келмейтінімен" түсіндірді. Осы орайда ол отандастарын ұсынылып отырған бір де бір партия үшін дауыс бермеуге шақырды.
Сонымен бірге, оның пікірінше, алдағы парламент сайлауының нәтижесі қолдан жасалады.
"Артынан ұтылып қалу үшін сайлау науқанына қаражат шығау ақымақтық болар еді", - деп мәлімдеді Ж. Назаралиев.
Женишбек Назаралиев -Қырғызстандағы танымал саяси және қоғам қайраткері, есірткіге тәуелділерді емдеудің бірегей әдістемесінің авторы. Ол "Асаба" атты саяси партиядан өз атын ұсынған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауы Қырғызстанда 16 желтоқсан, жексенбіге белгіленген.