Қырғызстанда жаңа туған сәбилерге "неке туралы куәлік" берілген

Прокуратура мәліметі бойынша, 2013 жылы 28 наурызда мемлекеттік тіркеу қызметі туу туралы куәлікке 8 млн сомға тендер жариялаған. Оған екі компания қатысып, соның бірі жеңіске жеткен.

Қаржы министрлігі тендерді өтті деп таныған. Бірақ Сарпашев тендерде ұтылған компаниядан куәлік бланктерін сатып алуға тапсырма берген.

40 мың туу туралы куәлік жаңа туған сәбилерге таратылған. 2015 жылы маусымда мамандар бланктерден қате тапты: туу туралы куәліктерде ұсақ әріптермен "Неке туралы куәлік" деп жазылған.