Баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқыс оқиға Ош облысының Теке ауылында болған. Шұғыл тергеу жұмыстарын жүргізу кезінде анықталғанындай, қорғаныс министрлігінің "Ош" оқу орталығының территориясында мал бағып жүрген №45 орта мектептің 5 сынып оқушылары жарылғыш затты тауып алған. Олар оны үйге әкеліп бөлшектеуге кіріскен. Соның салдарынан жарылғыш тетігі қосылып, жарылыс болған. Екі жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.
Қаза болған жасөспірімнің бірінің ата- анасы жарылыстан жарақат алып, Оштың қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп салдары анықталуда және техникалық сараптамасы жасалатын болды.