Қырғызстанда жасылдар партиясы президенттікке этникалық қазақты ұсынды

Партиядан алдағы президенттік сайлауға кандидат ашық дауыс беру арқылы сайланды. Сондай-ақ, партия төрайымы Нарғыз Абдылдаеваның қызметтен кетуіне байланысты Е. Бөлекбаев жаңа төраға болып бірауыздан сайланды.

Е. Бөлекбаев Шу облысының Сокулук ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1998-2005 жылдары Қырғызстанның жогорку кенешінің заң шығарушы жиналысының екі шақырылымына депутат болған. Уақытша үкіметтің қаржы полициясы қызметі төрағасының міндеттерін атқарушы болған. Сондай-ақ, Қырғызстан қазақстарының «Алаш» қоғамдық ұйымының төрағасы болып табылады.