Қырғызстанда жер сілкінді

«Бүгін, 2 маусым күні Қырғызстанда жергілікті уақыт бойынша сағат 6:54-те Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты қуаты 3 балдық жер сілкінісін тіркеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Бар-Добо ауылынан оңтүстік батысқа қарай 10 шақырым жерде, Сары-Таш ауылынан оңтүстік батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.