Қырғызстанда жоспарлы өсім қарқынын сақтап қалған жалғыз сала - құрылыс болмақ

С. Муканбетовтың айтуынша, Қырғызстанда құрылыс саласының құрдымға кетпей қалуына оның аздап дамуы түрткі болуда. Сарапшылардың пайымдауынша, өткен жылдармен салыстырғанда Қырғызстанда құрылыс салу қарқынды жүргізілуде.

Экономикалық даму министрлігінің статс-хатшысы Азиз Аалиевтің айтуынша, Қырғызстанда өнеркәсіп саласында болжамдық көрсеткіштер мүлдем орындалмай отыр. Мәселен, Құмтөр 2008 жылы 18 тонна алтын беруге уәде бергенімен, небәрі 12 тонна өнім шығарады.