Шу облысының Аламедин аудандық сотынан хабарлағандай, мұндай үкім "Вечерний Бишкек" газетінің тілшісі Арий Александров пен оның әйелі Ангелинаны өлтірген 23 жастағы Ринат Қазақбаевқа шығарылған.
Қылмыс 7 наурыз күні кешкісін жасалған. Р. Қазақбаев Александровтарды Бішкек қаласының дәмханаларының бірінде өтіп жатқан корпоративті кештен шақырған. Александровтармен жақсы таныс болғандықтан оларды қала маңындағы үйге шақырып алып кезекпен өлтірген. Сосын оларды жерге көміп, үстінен бетон құйып тастаған.