Қырғызстанда жылдың аяғына дейін инфляция 9% дейін өседі деп болжануда



Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, 2006 жылдың желтоқсан айында Қырғвзстан Ұлттық банкінің абсқармалары ағымдағы жылғы инфляцияны 5 - 6% деңгейінде болады деп болжаған.

Алайда, Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистикалық комитетінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап 22-тамыздағы жағдаймен инфляция 6,4% құрады. Қазіргі қалыптасқан баға деңгейіне негізінен сыртқы монетарлық емес факторлар, атап айтсақ, Қазақстан мен Ресейде астық құнының біршама қымбаттауы, көршілес елдер тарапынан осы елдің ауылшаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдарына деген экспорттық сұраныстың өсуі, импортталатын табиғи газ бағасының өсуі әсер етті.