Қырғызстандағы ахуалға байланысты ҚР шекара әскерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан жағындағы шекара өткелектері жұмыс істеп тұр.

Ал дәлелденбеген ақпаратқа сәйкес, Қырғызстан шекара әскерлері өз жағынан шекараны жауып тастаған.