Қырғызстандағы АҚШ-тың әскери базасы өз мәртебесін сақтап қалады

"Біз бұл базаның мәртебесі өзгермейтіндігіне кепілдік алдық",- делінген хабарламада. "Манастағы коалициялық әскери-әуе базасы Ауғанстандағы коалициялық күштерге әуеден қолдау көрсете береді",-делінген құжатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы "Манас" халықаралық әуежайының аумағында орналасқан АҚШ-тың "Ганси" әскери-әуе базасы АҚШ әуе күштерінің Ауғанстандағы "Мызғымас бостандық"операциясына қатысуы үшін 2001-жылы ашылған болатын.