Қырғызстандағы АҚШ-тың бұрынғы әуе базасы 3-маусымда жабылады

деп хабарлады дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында АҚШ әскери әуе күштері 376-шы әуе экспедициялық қанат қолбасшысы полковник Джон Милард.

"3 маусымда АҚШ үкіметінен Қырғызстан үкіметіне ресми түрде символикалық кілт тапсыру шарасы өтеді ", - деді Д.Милард.

Оның айтуынша, осы арқылы АҚШ үкіметі Қырғызстан аумағындағы ТТО-ны 2014 жылғы 11 шілдеге дейін жабу туралы келісімді орындайды.

Ол бірқатар статистикалық деректер келтірді. Атап айтқанда, ТТО төрт түрлі операцияны жүзеге асырды,олардың ішінде - әуеде ұшақтарға жанар-жағар май құю, жүктерді жеткізу,гуманитарлық көмек көрсету.

" 12 жыл ішінде біз әуеде, Ауғанстан аспанында 33 мың жанар-жағар май құю шарасын жүргіздік,оған 1 млрд. литр авиаотын жұмсалды,мұны 9 мың олимпиадалық суға жүзу бассейнімен салыстыруға болады ",- деді Д.Милард.

Ол сондай-ақ ТТО арқылы Ауғанстанға және Ауғанстаннан 5 млн 300 мыңдай әскери адам тасымалданғанын айтты,олар 2001 жылдың аяғынан бері «Мызғымайтын бостандық» операциясының өткізілуін қамтамасыз етті. "Мұның өзі Ауғанстан аумағында бітімгершілік операция жүргізген персоналдың 98 пайызы болып табылады", - деді ТТО қолбасшысы.

"Біз бұл жерден кетіп бара жатып, қырғыз халқының әріптесі болып қалатынымызды мақтан тұтамыз, бізде жақсы қарым-қатынас қалыптасты. Бұған қарамастан бізде терроризмге,есірткі трафигіне қарсы күрестің бірлескен жобалары бар, шекараны бақылау саласындағы ынтымақтастығымыз бар", - деді Д.Милард.


Оның айтуынша, қазір әуе базасында АҚШ-тың 300-ге жуық әскери қызметшісі бар, олар 11 шілдеге қарай Қырғызстан аумағынан кететін болады. Ал ТТО аумағында бұған дейін уақытша орналасқан бөлімдер мен әскери қызметшілер өздерінің тұрақты базаларына қайтты. АҚШ Қырғызстан үкіметіне 200-ге жуық жылжымайтын мүлік нысандарын, құрал-жабдықтарды қалдыратын болады. Олардың арасында ғимараттар,генераторлар,көлік пен жиһаз бар.

ТТО халықаралық «Манас» әуежайының аумағында 2001 жылдың желтоқсанында, АҚШ пен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін ашылған болатын.