"Қырғызстан - бауырлас ел, бауырлас мемлекет. Сол себепті ондағы дағдарысты шешу үшін күш қолдануға болмайды деп санаймыз",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, Қырғызстан аясындағы ішкі проблемалар "конституциялық әдістермен, конституциялық жолмен шешілуі тиіс".
РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков та өз кезегінде "күш қолдану - Қырғызстандағы араздықты еңсерудің шешуші әдісіне айналғанын Ресей де қаламайды",- деп мәлімдеді. "Мәселені Конституцияға бағына отырып, құқықтық аяда шешу қажет",- деді М.Фрадков. Оның пікірінше, "бұл тұрғыда Қырғызстанның мемлекеттік құрылымдары ақыл-кеңеске жүгініп, тиісті амалдарды қолдана алады".