Қырғызстандағы ірі компаниялардың 35 пайызы Қазақстан капиталының үлесіне ие, ал банк саласында ол 80 пайызға жеткен

Қырғызстан Республикасындағы халықаралық іскерлік кеңестің атқарушы директоры Таалай Асылбеков мәлімдегендей, Қазақстан бизнесі Қырғызстанның тау-кен өнеркәсібіне белсенді түрде инвестиция құя бастаған.

Оның айтуынша, мұндай жобалардың қатарына Қырғызстанның Талас облысындағы ірі жобалар - Андаш және Жеруй кен орындары, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірінде жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалар жатады. Сонымен бірге, оған елдің солтүстігіндегі Талдыбұлақ сол жағалауы атты алтын кеніші де кіреді.

"Тау-кен өндірісінен басқа Қазақстандық инвесторлар тарапынан құрылыс және жылжымайтын мүлік саласына белгілі бір қызығушылық бар", - деп атап көрсетті Т. Асылбеков.