Қырғызстандағы халықаралық әуежайда Нидерланды әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Зардап шеккендер жоқ

Ұшақ экипажы мен әуежай қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Ұшу-қону алаңы бүлінуге байланысты "Манас" әуежайы бірнеше сағатқа жабылды. Алдын-ала жорамал бойынша, апат ұшақтың тежегіш жүйесіндегі ақау салдарынан шыққан.

Апатқа ұшыраған соғыс ұшағы халықаралық антитеррорлық коалиция күштері орналасқан Ганси авиабазасына қарасты. Бұл база 2001-жылы Ауғанстандағы "Мызғымас бостандық" операциясын жүзеге асыру үшін құрылған. Әуе базасы Қырғызстандағы "Манас" халықаралық әуежайының аумағында орналасқан.