Қырғызстандағы оқиғалар осы елдің ішкі ісі - ҚР СІМ

"Бұл Қырғызстанның ішкі ісі", деп атап өткен елші, дегенмен, "елдегі жағдай жіті қадағалануда", деді.

"Біз бұл жерде Қазақстанның мүддесі сақталғаны үшін жағдайды қадағалап отырмыз. Еліміздің ұлттық мүддесі де, қазақстандық инвесторлардың Қырғызстандағы мүддесі де сақталуы шарт", деді Е.Ашықбаев.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, екі елдің саяси басшылығы Қырғызстандағы ағымдағы ахуалдың дамуына қатысты байланыста отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті