Қырғызстандағы Ош ЖЭО-ына Қазақстаннан мазут жеткізіле бастады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетелдік қымбатырақ отын сатып алу туралы шешімді "Электр станциялары" ААҚ Ош жылу электр орталығына отандық мазут жеткізуші - Жалалабад мұнай өңдеу зауыты - қаңтарда жұмыссыз тұрғандықтан отын жеткізу кестесінен біршама кешеуілдеп қалуына байланысты қабылдаған.

2008 жылдың 5 ақпанында Қазақстаннан мазут алу жөніндегі келісімге қол қойылды.

"Қазір Ош ЖЭО теплофикациялық режиммен жұмыс істеп, суды 51� температураға дейін жылытуда. Мазут қоры 1300 тоннаны құрайды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.