Қырғызстандағы Өзбек босқындары орналасқан лагерь басқа жаққа көшірілді

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық мемлекеттік әкімшілігіндегі ақпарат көздері хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, халықаралық ұйымдардың талабына сәйкес, лагерь 4-маусымда көшірілді. 500-ден астам өзбек азаматтары Жалал-Абадтан 20 шақырым жердегі бір ауылға орналастырылды.

Үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың пікірінше, бұрынғы лагерьде адамдардың тіршілігіне қажетті жағдайлар жасалмаған, босқындар ауыз су мен шатыр тапшылғын айқын сезіді. Жаңа жерде бұл тауқыметтер шешіледі деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 500 Өзбек азаматы 14-мамырда Әндіжандағы оқиғадан кейін Қырғызстан аумағына қоныс аударған. Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі босқындар үшін шатырлы лагерь құрды. Осы мерзімде Өзбекстан жағы өз азаматтарын елге қайтаруды бірнеше мәрте талап еткен болатын. Ал босқындар құқығына қатысты халықаралық нормаларға бағынған Қырғызстан оларға жан-жақты қолдау көрсетуде.