Қырғызстандағы Қаракөл қаласының маңында жер сілкінісі болды

Министрліктің мәліметінше, өткен түнде сағат 02.50-де Төскей Ала-Тоо баурайында Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым жерде қуаты 4,5 балл жер сілкінісі болды.

"Жер сілкінісі елдімекенде сезілген жоқ, алдын-ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қтраулар туралы ақпарат келмеді", - деп хабарлайды ТЖМ.